29 қазан-Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

 

Жыл сайын 29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі. Инсульт бүгінде әлемдегі өлім мен мүгедектіктің басты себептерінің бірі болып қала береді.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде жылына 6,7 миллион адам қайтыс болады.

 

2021 жылы Дүниежүзілік инсультпен күрес күні "Минуттар өмірді құтқара алады" ұранымен өтуде.

        

Инсульттің алғашқы алдын алудағы басты міндет – халықтың, ең алдымен жастардың инсульт мәселесі, алдын алу шаралары, сондай-ақ алғашқы көмекті дұрыс және уақтылы көрсетудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.

29 қазанда колледжде "Өз қысымыңды біл"акциясы өткізілді. Таң студенттер мен колледж қызметкерлерінің қан қысымын өлшеуден басталды.

 

"Өмір-ПВ" ЖШС медбикесі Әсел Құрманғалиқызы Ягудинова инсульттің алғашқы белгілері мен алдын алу шаралары туралы айтты. Студенттерге ұсыныстар мен жадынамалар таратылды.